Аннотация:
Сот тергеуі барысында соттың процессуалдық өкілеттілігін қалыптастыру және олардың жаңа ҚР ҚПК-де регламенттелуіне қатысты мәселелер зерттелген. Автор сотқа дейінгі тергеп-тексерудің толымсыздығын жою мақсатында соттың өз бастамасымен қосымша дәлелдемелер жинау құқығының болмауы, сондай-ақ сот отырысында қылмыстық істі қайта тергеуге жіберуге негіздердің жоқтығы істің толық, жан-жақты және объективті зерттеу қағидасына қайшы келетіндігіне назар аудара отырып, соттың белсенділігін күшейтуге байланысты бірнеше ұсыныстар жасаған.