Abstract:
Мақалада қазіргі дəуірдегі күшті мемлекетке тəн болуы тиіс ерекшеліктер мен сипаттамаларға қатысты кейбір заманауи отандық жəне шетелдік ғалымдардың саяси-құқықтық ойлары қарастырылады. Зерттеу нəтиже-
сінде, автордың қорытындысына сəйкес, XXI-ші ғасырда күшті мемлекет легитимді қызмет етуі жəне тұрақты дамуы үшін мынадай негізгі талаптарға сəйкес болуы қажет: құқық үстемдігінің жоғары деңгейі, тиімді жəне құзыретті басқару, елдің ЖҰӨ-ін реттеу мен бақылауда
басым рөлге ие болу, экономикалық дамуды қамтамасыз етуге атсалысу, экономикалық, əскери, ұйымдастырушылық, ақпараттық жəне адами ресурстарды тез арада жұмылдыруға қабілетті болу.